Бекхан Шайзада хорватиялық қақпашы Сентич туралы: Мен ешқашан бәсекелестіктен қорықпағанмын
Қазақстан ұлттық құрамасының және шымкенттік «Ордабасының» қақпашысы Бекхан Шайзада Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұқбатында ОЖЖ-дағы дайындық, өзінің жарақаты және Сентичпен бәсекелестік туралы айтты.
Дайындық ойдағыдай. Бапкерлер дайындықты пысықтауда. «Пюникпен» болған ойында біздер физикалық тұрғыда дайын болмадық, бұл туралы бапкерлік штаб айтқан болатын. Дайындықта қосу үшін көп жаттығу керек, жиі ойнау керек. Мен арқамды жарақаттап алдым, сол себепті қазір бақылау ойындарына қатыса алмаудамын. Емделіп, жаттығуға қосылған едім, бірақ бұл ерте шешім болып шықты. Бапкерлер жеке жаттығуға кеңес берді. 2-3 күннен кейін қайтадан жалпы құрамға қосылып, жоспар бойынша жаттығуға көшемін. Карло Сентичтің келгеніне мен қуаныштымен, оған тек сәттілік тілеймін. Команда хорватты жақсы қарсы алды. Мен ешқашан бәсекелестіктен қорықпағанмын. Менің мансабыма қарайтын болсаңыз, «Ордабасыға» келгелі мен әрдайым жақсы қақпашылармен бәсекедемін. Мен әрдайым жұмыс жасауға дайынмын. Ал қақпада кім ойнайтыны бас бапкерге байланысты, — деді Шайзада.