logo

Бейбіт Жұқаев Қытайдағы турнирде сәтті бастады

Бейбіт Жұқаев Қытайдағы турнирде сәтті бастады

Қуанчжоуда (Қытай) ATP «Челленджер» сериясының турнирі басталды. Қазақстандық теннисші Бейбит Жұқаев жекелей сында бірінші айналымдағы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бастапқы ойында Жұқаев Беларусьтен келген теннисші Егор Герасимовты 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Матчтың ұзақтығы 1 сағат 18 минутты құрады. Осы уақыт ішінде Жұқаев 12 эйс жасап, үш рет қосарланған қателікке жол беріп, бес брейк-пойнттан үшін пайдаланды.

Келесі айналымда қазақстандық спортшы жергілікті теннисші Ригел Темен (№477 ATP) ойнайды.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисші бұл турнирде ресейлік Алибек Качмазовпен бірге жұптық сында да өнер көрсетеді.



Күн шежіресі