logo

Юлия Путинцева Ресейдің бірінші ракеткасын жеңді

Юлия Путинцева Ресейдің бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (№50 WTA) Мадридтегі WTA 1000 турнирінде әлемнің 11-ші ракеткасы ресейлік Дарья Касаткинаны жеңіп, сенсация жасады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матч 1 сағат 53 минутқа созылып, 3:6, 6:2, 6:2 есебімен аяқталды. Юлия осы жылы WTA 1000 сериялы турнирлерінде 11-ші жеңісіне қол жеткізді — бұл оның мансабындағы ең жақсы нәтиже.

1 мамырда ширек финалда шынайы қазақстандық дерби өтеді — Путинцева Елена Рыбакинамен (№4 WTA) бақ сынасады.



Күн шежіресі