Рыбакина мен Путинцева рекордтық көрсеткішке жетті
Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева және Елена Рыбакина Мадридтегі төртінші айналымына шығып қана қоймай, өз мансабындағы жаңа белесті бағындырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан теннис федерациясының ақпараты бойынша Юлия Путинцева бір жылда WTA 1000 сериясындағы турнирде он рет жеңіске жеткен. Елена Рыбакина топырақ төсенішіндегі қатарынан 14-ші жеңісін тіркеді. Соңғы он жылда дәл осындай нәтиже көрсеткен үш қана теннисші бар: Серена Уильямс, Симона Халеп және Ига Швентек.
29 сәуір күні қазақстандық ойыншылар Мадридте кезекті матчтарын өткізеді. Рыбакина Сара Бейлекпен кездессе, Путинцева Дарья Касаткинамен күш байқасады.