logo

Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы жарыстар сериясын сәтті бастады

Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы жарыстар сериясын сәтті бастады

Қазақстандық теннисші, әлемнің 220-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Линкольн (АҚШ) челленджер турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Б.Жұқаев бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 1472-орында тұрған жаңазеландиялық Антон Шептің мысын басты.

Бейбіт 1 сағат 38 минутқа созылған матчта 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ол 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Шепп 1 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 134-ракеткасы, қытайлық Бу Юньчаокэтэ немесе рейтингіде 229-сатыдағы ұлыбританиялық Лиам Бродидің біреуімен таласады.

Б.Жұқаев Уимблдон іріктеу сайысынан бері кортқа шыққан жоқ еді.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 181-ракеткасы Денис Евсеев күтпеген жерден рейтингіде 1017-орындағы америкалық Купер Уильямстан жеңіліп қалды – 6:7 (3:7), 5:7.

Линкольн додасы 11 тамызда мәресіне жетеді.