Александр Шевченко Алматы турнирінің ширек финалында өнер көрсетеді
Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Александр Шевченко Алматы ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 139-орында тұрған ресейлік Аслан Карацевпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Шевченко айқын басымдылық танытты – 6:1. Екіншісінде Карацев тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:5). Шешуші, үшінші сетте Шевченко таразы басын өзіне аудара алды – 7:5.
Екі сағат 17 минутқа созылған тартысты матчта Шевченко 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Ресейлік спортшы 3 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Серундоломен таласады.
Қазақстандық, рейтингіде 192-сатыдағы Тимофей Скатов алғашқы айналымда әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачқа жол берді – 3:6, 4:6.