logo

Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

 

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бейбіт Жұқаев 189-дан бірден 182-ге жоғарылады. Осылайша, Бейбіт өзінің бұрынғы үздік көрсеткішін (186) жаңартты. 

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Александр Бублик 18-орнын сақтап қалса, Александр Шевченко 63-тен 59-ға, Михаил Кукушкин 132-ден 129-ға көтерілді.

Денис Евсеев 185-тен 184-ке шықса, Дмитрий Попко 233-тен 234-ке, Тимофей Скатов 267-ден 271-ге төмендеді. 

Рейтингте алғашқы үштікте сербиялық Новак Джокович, италиялық Янник Синнер, испаниялық Карлос Алькарас тұр.

Жұптық сында аустралиялық Мэттью Эбден көш бастаса, содан кейін оны үндістандық Рохан Бопанна, испаниялық Марсель Гранольерс өкшелеп келеді.



Күн шежіресі