logo

Бахтияр Алдашев – QJ League Cyber Cup 2024 чемпионы

Бахтияр Алдашев – QJ League Cyber Cup 2024 чемпионы

Алматыда QJ League Cyber Cup 2024 киберфутбол турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Лига командаларының 32 қатысушысы өзара жеңімпазды анықтады, ол «Қайрат U17» командасының қақпашысы Бахтияр Алдашев болды.

Финалда қайраттық ойыншы «Астана U17» өкілі Мақсат Абраевты жеңді.

Бұл командалар QJ League келесі турында орталық матчта өзара кездеседі.



Күн шежіресі