logo

QJ League үздік қорғаушысы Кипрге қаралымға шақыртылды

QJ League үздік қорғаушысы Кипрге қаралымға шақыртылды

QJ League бірінші маусымының үздік қорғаушысы Димаш Серікұлы «КраСава» клубына қаралымға шақырту алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

17 жастағы футболшы 12 қаңтар күні Кипрге аттанып, клубта қаралымнан өтеді.

Димаш 16, 17 және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасына әр уақытта шақырылған. Соңғы іріктеу кезеңінде үш кездесудің екуіне қатысқан болатын.