logo

Бауыржан Тұрысбек Қазақстан - Норвегия матчы туралы: Біздің құрамаға сенемін

Бауыржан Тұрысбек Қазақстан - Норвегия матчы туралы: Біздің құрамаға сенемін

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы УЕФА Ұлттар Лигасының матчына қатысты болжамымен бөлісті.

«Бұл ұлттық құраманың Ұлттар Лигасындағы алғашқы матчы болады және ол Алматыда өтеді. Қобалжусыз ойнауға болады. Мен айтқанымдай, жігіттер өткен іріктеу кезеңіндегідей лайықты ойын көрсете алатынын сезді, сондықтан биылғы жылы жоғары мақсат таңдап, сенімді әрекет ету керек.

Ең бастысы - ойыншылар өздері қобалжымай ойнай алатынына сенді, сондықтан бізді қиын матч күтіп тұрғанына сенімдімін. Жігіттерге сенемін, ұлттық құрамаға сенемін. Ең бастысы, алғашқы минуттардан бастап өткен жылдағыдай алаңға қобалжымай шығу. Менің ойымша, матч біздің пайдамызға 2:1 есебімен немесе 2:2 есебімен тең аяқталады. Бірақ, әрине, мен жеңіске сенемін», - деді құраманың бұрынғы шаубылшысы. 

Қазақстан - Норвегия кездесуі 6 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтіп, біздің құраманың бас бапкері Станислав Черчесов үшін дебюттік болады.