«Барселона» әлі күнге дейін Мессиді асырап жүр
«Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы Лионель Месси каталониялық клубтан әлі де төлемдер алып жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Mundo Deportivo мәліметінше, Месси ғана емес, «Барселона» әлі де Жорди Альба мен Серхио Бускетске де төлем жасап отыр. Клуб басшылығы ойыншыларға қарыздарын осы маусымның соңына дейін өтейтінін атап өтті.
Қазіргі уақытта 37 жастағы Лионель Месси «Интер Майами» сапында ойнайды. Аргентиналық ойыншының америкалық клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды. Осы маусымда футболшы 18 матчқа қатысып, 17 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.
Бұған дейін Лионель «ПСЖ-да» өнер көрсетті. Аргентина құрамасы сапында шабуылшы 2022 жылы әлем чемпионы атанды, сонымен қатар соңғы екі Америка Кубогын жеңіп алды.