«Барыстың» капитаны «Акбарсқа» қарсы ойнамайды

«Барыс» хоккей командасының капитаны Кирилл Савицкий «Акбарспен» болатын матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған себеп Кириллдің сырқаттануы.
Сондай-ақ кездесуді лига тарапынан дисквалификация алған Эмиль Галиев, жарақаттылар қатарына ауыстырылған Әлихан Әсетов, жарақатынан айығып жатқан Роман Старченко мен Томпсон да өткізіп алады.