«Барыс» шабуылшыға қатысты шешім қабылдады
«Барыс» шабуылшы Кирилл Панюковпен толыққанды келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Біржақты келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.
Қазіргі маусымда Қазақстан құрамасының форварды ҚХЛ-де үш матч өткізіп, бір шайба соғып, пайдалылық көрсеткіші +3 болды.