«Барыс» ҚХЛ көшбасшысына есе жіберді

Sport+ хабарлағандай, «Барыс» хоккей клубы өз алаңындағы ойындар сериясын Гагарин Кубогының қазіргі иегері және Батыс конференциясының көшбасшысы — «Локомотивке» қарсы матчпен аяқтады.
Ярославль командасы 5:1 есебімен жеңіске жетті. Астаналықтардың жалғыз шайбасын Райли Уолш соқты, оған Галимов пен Өмірбеков ассистент болды.
Келесі ойынын «Барыс» 5 қазан күні Новосібірде «Сібірге» қарсы өткізеді.