Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті чемпионаты аясында қазандық «Ақ Барыспен» ойын алдында құрамдағы мәселелері туралы жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Барыстың» үздік сұрмергені Понтус Оберг (15+15) қатарынан төртінші ойынға қатыса алмайды. Сондай-ақ, бапкерлер штабы «Трактормен» ойында жарақат алған Эдвард Паскуалені қолдана алмайды», – деді баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Ақ Барыс» – «Барыс» кездесуі тоғызыншы қаңтар күні Қазан қаласында өтеді.
