«Барыс» Қазақстан құрамасының шабуылшысымен қоштасты
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Александр Борисевич «Барыс» сапынан кетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Головой Об Лед» бағдарламасына сенсек, жақын арада «Барыс» Борисевичтің командадағы еңбегі үшін алғысын білдіреді.
Шабуылшы қарағандылық «Сарыарқаға» оралуы мүмкін.
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты маусымының өткен маусымында ол 33 матч өткізіп, 3 нәтижелі пас берді.