«Барыс» қатарынан сегізінші мәрте жеңіліп қалды
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Алғашқы екі кезеңде есеп ашылған жоқ.
Командалар өрескел қателікке бой алдырмауға тырысты.
Сондықтан дөрекі қимылымен көзге түсіп, айдыннан қуылмауға тырысты.
Бірінші кезеңде Кристиан Хенкель ғана 11-минутта осындай қимылымен көзге түсті.
Ойынның 54-минутында «Амур» хоккейішісі Владислав Барулин мергендік танытса, Дмитрий Шевченко 59-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберіп, қатарынан сегізінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.