«Барыс» қатарынан екінші матчта жеңілді

«Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы сериясын Череповец қаласында жалғастырды, деп хабарлайды Sport+.
Команда құрамындағы Батырлан Мұратов пен жарақат алған Алихан Әсетовтің орнына Руслан Оспанов пен Максим Мұхаметов алаңға шықты.
Ойын «Северсталь» командасының басымдығымен басталды — алаң иелерінің көшбасшысы Кирилл Пилипенко оң жақ шеңберден тамаша соққымен есеп ашты. Бұл голға «Барыс» екі өткір қарымта шабуылмен жауап қайтарды: шабуыл шебінде Мэйсон Морелли мен Владимир Волков көзге түсті. Екеуі де ҚХЛ-дегі алғашқы шайбаларын соқты, әрі бұл екі голдың арасы небәрі 20 секунд болды.
Екінші кезеңде ойын басқаша бағыт алды. Череповец командасы бір минуттың ішінде екі шайба соқты — гол авторлары: тағы да Пилипенко және Никита Камалов. Бұл серпіліс ойын тағдырын шешіп берді. Үшінші кезеңде астаналықтар бірнеше жақсы мүмкіндікті пайдалана алмады, ал «Северсталь» есепті сақтап, сабырлы ойын көрсетті.
22 қыркүйекте Михаил Кравецтің шәкірттері Минскіде «Динамо» командасымен кездеседі.