logo

«Барыс» қатарынан алтыншы матчта жеңіліске ұшырады

«Барыс» қатарынан алтыншы матчта жеңіліске ұшырады

Өтіп жатқан маусым аясында «Барыс» өз алаңында «Сібір» командасын қабылдады, деп хабарлайды Sport+. 

Астаналықтар 2:0 есебімен алда тұрғанына қарамастан, жеңіс қонақтардың еншісінде кетті — матч буллиттер сериясында аяқталды.

Негізгі уақыт 3:3 есебімен тең аяқталды. «Барыстың» құрамында шайбаларды Самат Данияр, Тайс Томпсон және Райли Уолш соқты.