«Барыс» өз алаңында жеңіліс тапты
«Барыс» хоккей клубы Астанада өткен ҚХЛ тұрақты чемпионатының матчында мәскеулік ЦСКА командасына 2:5 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші кезең қонақтардың пайдасына аяқталды, Виталий Абрамовтың дәл соққысы мәскеуліктерді алға шығарды. Бірақ екінші кезеңде Аркадий Шестаков есепті теңестірді, алайда үш минуттан кейін ЦСКА қайтадан алға шықты – бұл жолы Максим Мамин ерекшеленді. Кезеңнің соңында «Барыс» екінші рет қарсылас команданы қуып жетті. Нәтижелі соққыны Даниил Апалков соқты.
Матчтың шешуші кезеңінде қонақтар нәтижелі ойын көрсетті - Константин Окуловтың қос голы пен Андрей Светлаковтың нәтижелі соққысы ЦСКА командасына жеңіс сыйлады.