«Барыс» маусым басында қатарынан екінші рет жеңіліс тапты
«Барыс» хоккей клубы маусымның басында қатарынан екінші жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Дэвид Немировскидің шәкірттері матчтың 3-минутында есеп ашты: Самат Данияр мен Никита Камаловтың пасын Руслан Оспанов голға айналдырды. Бұл 20 жастағы шабуылшының КХЛ-дегі екінші шайбасы болды.
Алайда одан кейін «Трактор» хоккейшілері ғана гол соғып, матчты 4:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.