«Барыс» клубы басшылық құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

Леонид Метальников «Барыс» хоккей клубының бас менеджері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубқа сілтеме жасап.
Леонид Метальников — хоккейден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ойыншы кезінде ол Петров кубогының иегері, Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері және бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған.
Қазақстан құрамасы мен «Барыстың» бұрынғы қорғаушысы 2025 жылдың жазында кәсіби мансабын аяқтап, енді клуб жүйесінде бас менеджер ретінде жұмысын жалғастырады.