«Барыс» Канада құрамасының ойыншысымен келісімшартқа отырды

«Барыс» Тайлер Уозерспунмен біржақты келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін, бір маусымға есептелген.
Тәжірибелі қорғаушы АХЛ-де 700-ден астам матч өткізген. Сонымен қатар, оның статистикасында Ұлттық хоккей лигасындағы 36 ойын бар.
2022 жылы Уозерспун Бейжің Олимпиадасында Канада құрамасы сапында өнер көрсетті.
Өткен маусымда Тайлер «Монреальдың» фарм-клубы — «Лаваль Рокет» командасында ойнады. 79 матчта (оның ішінде 7 — плей-оффта) 2 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.