Оралдың «Ақжайығы» кезекті жеңісіне қол жеткізді

Оралдың «Ақжайығы» кезекті жеңісіне қол жеткізді

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Орынбордың «Локомотивін» қабылдады,  деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Ойын оралдық хоккейшілердің айқын басымдылығымен өтті.

Николай Шавалдиннің шәкірттері 20:3 есебімен жеңіске жетті.

«Ақжайық» сапындағы ресейлік шабуылшы Максим Пахомов 10 голдың авторы атанды. Рауан Исалиев «Локомотив» қақпасына 4 доп енгізді. Команда капитаны Максим Өтебалиев пен Самат Аманшин екі-екіден, Павел Чебаков пен Нұрбол Бөкешов бір-бірден көзге түсті.
Осы матчтан кейін 42 ұпай жинаған оралдық клуб өз тобында көш бастады.

Дүйсенбі күні қос команда екінші кездесуін өткізеді.



Күн шежіресі