Баянауылда 2,6 млрд теңге тұратын спорт кешені салынады

Баянауылда физикалық денсаулық сақтау кешені салынып жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Заманауи спорт нысаны 25 метрлік бассейнмен, күрес және бокс залдарымен жабдықталған, волейбол және баскетбол алаңдары қарастырылған. Сондай-ақ кешенде мини-футбол алаңы орналасқан, спорт құрылысының айналасына велосипед жолы, футбол алаңы, балалар алаңы салынып, воркаут аймағы жабдықталады.
Ғимараттың құрылысына мемлекеттік бюджеттен 2 миллиард 650 миллион теңге бөлінген.
Ерсұлтан Мубараков, мердігер ұйымның орынбасар директоры: - Құрылыс 2024 жылдың қараша айында аяқталады. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.