logo

Бағлан Жақанша: Бұл жолы қателікке жол жоқ!

Бағлан Жақанша: Бұл жолы қателікке жол жоқ!

23 қараша күні Бағлан Жақанша NAIZA 69 турнирінде жекпе жек өткізеді. Мансабында өзгерістер орын алған спортшы Sport+ тілшісіне сұхбат берді.

— Бағлан, жақында сіз клуб ауыстырдыңыз. Бұл өзгеріске не себеп болды?

— Иә, соңғы жекпе жекте жеңіліске ұшырадым, содан кейін бір өзгеріске бел будым. Оған қоса, командада кейбір жағдайларда келіспедік. Қазіргі уақытта алғашқы бапкерім Азиз Разиевтің қол астында алдағы жекпе жекке дайындалудамын.

— Пәкістан сапарынан кейін сөйлескенімізде салмақ қуу қиынға соқты дедіңіз, жеңіліс те оңай болмады. Толық қалыпқа келіп үлгердіңіз бе?

— Аз ғана жарақатым бар, дегенмен ол жарыс барысында кесірін тигізбейді деп ойлаймын. Жалпы толықтай спорттық бабыма келдім, төбелеске асықпын.

— Енді, осы жекпе жек жайында айтып берсеңіз. 23 қарашада кездесетін қарсыласыңызды зерттедіңіз бе?

— Бұл жолы қарсыласым — үндістандық жауынгер, бойшаң, әрі ыңғайсыз. Дегенмен, алғашқы соққы алмасқан соң-ақ, автоматты түрде күреске кірісемін. Дәл сол жарыс күні бапкерім қандай бағыт берсе, оның айтқанын бұлжытпай орындауға тырысамын. Бұл жолы қателікке жол жоқ!



Күн шежіресі