logo

Азия Кубогының финалында Өзбекстан құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды (видео)

Азия Кубогының финалында Өзбекстан құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды (видео)

Катарда 23 жасқа дейінге футболшылар арасында Азия Кубогы аяқталды. Финалдық матчта Өзбекстан құрамасы 0:1 есебімен Жапониядан ұтылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Екі команда да кездесуді мұқият бастады және бірінші таймда аса қауіпті сәттер болған жоқ. Командалар матчта есеп аша алмай үзіліске кетті. Екінші таймда жапондықтар біртіндеп ойын тізгінін қолға алып, қауіпті сәттерді жасай бастады. Екінші таймға негізгі уақытына төреші 11 минут қосты, сол қосымша уақыттың бірінші минутында Жапония алаңның ортасында жасалған қателіктен кейін есепті ашты - қосалқы құрамнан алаңға шыққан Фуки Ямада айып алаңының сыртынан дәл соққы бағыттады - 1:0.

94-минутта Алишер Одиловтың соққысынан кейін доп қорғаушы Хироки Секиненің қолына тиді. Екі минуттан кейін төреші VAR-ды көруге шақырылды, содан кейін жапондықтардың қақпасына пенальти белгіленді. Бірақ Омарали Рахмоналиев "нүктеден" мүлт кетті - Жапония құрамасының қақпашысы Лео Кокубо соққыны қайтара алды. 

Нәтижесінде, Өзбекстан командасының есепті теңестіруге тырысқанына қарамастан, Жапония Азия Кубогын екінші рет жеңіп алды.



Күн шежіресі