Қазақстан – Жапония текетіресінде Зарина Диястың неге ойнамайтыны белгілі болды
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев Токиода 12-13 сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының Жапониямен іріктеу матчында Зарина Диястың алғашқы күні неге ойнамайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Диас Досқараевтың айтуынша, Зарина жарақатына байланысты екі жыл жарыстан тыс қалғандықтан, әлі толық қалпына келе қойған жоқ.
Соған қарамастан, Зарина Токиоға 10 күн бұрын келіп, тынбай жаттығып жатыр. Ол үшін ел намысын қорғау қашанда абырой.
Команда капитаны бәсекеден кемінде бір сағат бұрын ойыншыны алмастыра алады. Сондықтан әлі де көреміз, - деді Д.Досқараев.