«Атырау» сырт алаңда «Жеңісті» жеңді (видео)
Қазақстан Премьер-лигасының 28-турында «Атырау» сырт алаңда «Жеңісті» 2:1 есебімен жеңді.
Атыраулық команда сапында Джордже Максимович дубль авторы атанды. Ал «Жеңістің» жалғыз голын Андрия Филипович соқты.
Осы жеңістің арқасында Самат Смақовтың шәкірттері турнир кестесіндегі төменгі орындардан көтеріліп, Премьер-лигадан шығып қалу аймағынан шықты.