Астанада дәстүрлі «Бұрқасын - 2024» шаңғы фестивалі өтеді
Тартысты дода 24 ақпанда Есіл өзенінің жағасындағы амфитеатрда өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ең алғаш «Бұрқасын» шаңғы мерекесі 2000 жылы өтті. Жылдан жылға спорттық дәстүр елорданың қысқы маусымының бір бөлігіне айналып келеді.
Жарыс 24 ақпанда Есіл өзенінің жағасындағы амфитеатрда өтеді. Тіркеу сағат – 9.00-де, ашылу салтанаты сағат 11.00-де өтеді.
Іс-шара жыл сайынғы қысқы фестиваль бағдарламасы аясында спорттың 10 түрінен өтеді. Олар: шаңғы жарысы, гір көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тартыс, хоккей, нысана көздеу жарыстары, мотоспорт және қысқы футбол.
Айта кетейік, шаңғы турниріне жас топтарына сәйкес келетін және спортқа қарсы көрсетілімдері жоқ кез келген адам қатыса алады.