logo

«Астана» U-14 Португалиядағы халықаралық турнирге қатысады

«Астана» U-14 Португалиядағы халықаралық турнирге қатысады

«Астана» U-14 командасы «Portimao International Cup-2024» халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Елорда командасының тәрбиеленушілері еуропалық клубтардың үздік академияларымен күш сынасады. «Астана» U-14 С тобына түсті, олардың қарсыластары: «Бенфика» (Португалия), «Бирмингем» (Англия), «ППЖ» Хельсинки (Финляндия), «Балтика» (Литва), «Межоли» (Венгрия).

Турнирге Еуропаның түрлі елдерінен 36 команда қатысады. Команданың бас бапкері – Жоламан Табиғат.



Күн шежіресі