«Астана» Қазақстан Кубогы мен Суперкубогының иегерін қабылдайды: «Астана» – «Тобыл» матчының тікелей эфирі
Қазақстан футбол чемпионатының 3-туры аясында өткен маусымның күміс және қола жүлдегерлері өзара кездеседі.
Сонымен қатар, «Тобыл» Кубок иегері ретінде маусымды Суперкубок үшін матчпен бастап, пенальти сериясында «Қайратты» жеңіп шықты.
Алайда чемпионатты қостанайлықтар сәтсіз бастады — сырт алаңда «Ақтөбеден» жеңіліс тапты, кейін 2:0 есебімен алда келе жатып, Нұрбол Жұмасқалиевтің шәкірттері «Жетісумен» 2:2 есебімен тең ойнап, ұпай бөлісті.
Ал «Астана» керісінше, құрамдағы қиындықтарға қарамастан, маусым басында ұпай жинауды белсенді бастады — сол «Жетісуді» 4:1 есебімен жеңді, сондай-ақ сырт алаңда «Қайсармен» 0:0 есебімен тең түсті.
«Астана» — «Тобыл» матчы 20 наурыз күні сағат 19:00–де басталады.
Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.