«Астана» маусымды сенімді жеңіспен бастады (видео)
«Астана» Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы турында өз алаңында «Жетісу» командасын қабылдады.
Матч 4:1 есебімен астаналықтардың пайдасына аяқталды.
Голдарды Станислав Басманов, Карло Бартолец, Марин Томасов және Мақсат Абраев соқты. Абраев үшін бұл матч Премьер-лигадағы дебюті болды. Ал «Жетісу» сапында жалғыз голды Марко Зиванович соқты.