«Астана» грекиялық қорғаушымен толықты
«Астана» 27 жасар қорғаушы Яннис Масурасты қатарына қосты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Яннис мансабын өзінің отаны Грецияда бастады. Қорғаушы «Олимпиакос», сондай-ақ нидерландтық «Спарта» және польшалық «Горник» клубтарында өнер көрсетті.
27 жастағы аяқдопшымен келісім екі жылға жасалды.