«Астана» екі легионермен қош айтысты
Америкалық форвард Джордан Скиппер-Браун мен сербиялық қорғаушы Василий Пушица келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін «Астанадан» кетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі ойыншы да қаңтар айында «Астанаға» қосылды. Джорданның есебінде - қазақстандық клуб құрамында ВТБ Бірыңғай лигасында 15 матч, сондай-ақ ол Лига жұлдыздары матчында данк-контестті жеңіп алған «Астананың» алғашқы ойыншысы атанды. Василий команда сапында 20 матч өткізді.