21 рет қателестік: “Астананың” бас бапкері жеңіліске не себеп болғанын айтты
“Астана” баскетбол клубының бас бапкері Олег Киселев "Пармамен" өткен ойынды қорытындылады, деп хабарлайды sportplustv.kz.
"Мұндай ойынға пікір білдіру мен үшін өте ауыр. Команданың үш кезең бойы қорғанысы, шабуылы да мықты болды. Тек төртінші кезеңде жігіттер шабуыл жағынан ақсап, біршама қателікке бой алдырды.
Соңғы кезеңде қарсылас команданың шабуылшысы Би Джей Джонсон үш рет қатарынан шабуыл жасап, “Пармаға”жан бітірді. Овертаймға созылған тартысты матчта 21 қате жібердік. Мен оларды лайықты жеңісімен құттықтаймын!", - деді бас бапкер Олег Киселев.