«Астана» БК ойыншылары мен бапкерлерінің жалақысы жарияланды
«Астана» баскетбол клубының бас менеджері Самсон Аракелян Sport+ эфирінде Prime Time бағдарламасында клубтың жалақы мен сапарға жұмсаған шығындары туралы айтып берді.
«Қалай болғанда да, бәрі білетін саяси жағдайдан кейін ресейлік командалар Еуролигада ойнауды тоқтатты, сәйкесінше ВТБ-дағы матчтардың санын көбейту керек болды. Егер бұрын „Астана“ 24 матч ойнаса, қазір — 44. Бізде ойыншалар мен бапкерлерге жалақы қоры бар шамамен 600 миллион теңге, чемпионат бойынша көшіп-қонуға шамамен 700 миллион теңге жұмсаймыз», — деді С. Аракелян.
Prime Time бағдарламасының толық шығарылымын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.