Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысты
![Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысты Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысты](http://sportplustv.kz/public/upload/sports/876_6f624588e4f203587dacad0b20dc2d24.webp)
Азия Кубогының іріктеу кезеңіндегі қалған матчтар алдында Қазақстанның баскетбол құрамасында бас бапкер ауысты, деп хабарлайды Sport+:
Қатар және Иран құрамаларына қарсы өтетін өз алаңындағы ойындарға Қазақстан құрамасын елдегі «Барсы Атырау» командасын жаттықтыруымен танымал армениялық маманы Тигран Гекчян дайындайды.
Сонымен қатар, Гекчянның бапкерлер штабына ресейлік Евгений Овсянников және қазақстандық екі жаттықтырушы Александр Лысяк пен Тимур Сұлтанов кірді.
Қазақстан баскетбол федерациясы алдағы матчтарға дайындықты бастаған кеңейтілген құрамды да жариялады:
Қуанов Шаим — «Тобыл», Қостанай
Мұзарагалиев Рустам — «Астана», Астана
Айтқали Руслан — «Астана», Астана
Балашов Олег — «Динамо», Новосибирск (Ресей)
Быков Антон — «Тобыл», Қостанай
Гаврилов Дмитрий — «Irbis-Alatau Almaty», Алматы облысы
Иванов Владимир — «Университет-Югра», Сургут (Ресей)
Бажин Николай — «Irbis-Alatau Almaty», Алматы облысы
Майдкин Асқар — «Астана», Астана
Марчук Максим — «Каспий», Ақтау
Марчук Роман — «Каспий», Ақтау
Жігулін Александр — «Irbis-Alatau Almaty», Алматы облысы
Оразбеков Александр — «Астана», Астана
Пан Роберт — «Тамбов», Тамбов (Ресей)
Марат Әділхан — «Тобыл», Қостанай
Севергин Даниил — «Алматылық Легион», Алматы
Щербак Вадим — «Астана», Астана
Альбрант Даниель — «Алматылық Легион», Алматы
Қатар және Иран құрамаларымен ойындар 21 және 24 ақпанда Астанада өтеді!