logo

«Астана» баскетбол клубы «Тобылды» екі рет жеңді

«Астана» баскетбол клубы «Тобылды» екі рет жеңді

«Астана» баскетбол клубы қатарынан үш жеңілістен тұратын сериясын тоқтатып, өз алаңында Қостанайдың «Тобылын» жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Қостанайлықтар тәжірибелі Антон Быков пен Павел Ильиннің арқасында қарсыласқа лайықты қарсылық көрсетуге тырысты. Тіпті Быков алғашқы матчта 30 ұпай жинады. Алайда қорытынды жеңістер Рамунас Цвирка баптайтын командаға бұйырды.

Бірінші ойында Быковтың 30 ұпайына жауап ретінде команданың жаңа ойыншысы Кэмрон Блю 28 ұпай еншіледі. Сондай-ақ Асқар Майдекин мен Руслан Айтқали нәтижелі ойын көрсетіп, тиісінше 14 және 13 ұпайдан жинады. Кездесу 88:73 есебімен аяқталды.

Екінші матчта да «Тобыл» бірінші таймда «Астанаға» біраз қиындық туғызды. Алайда үшінші және төртінші кезеңдер толықтай астаналықтардың пайдасына шешілді. Сонымен қатар «Астананың» бас бапкері жас ойыншыларға көп мүмкіндік берді. Солардың бірі — Әмірәли Сүлейменов 11 ұпай жинап, матчтағы ең нәтижелі баскетболшылардың біріне айналды. Әмірәлиден көп ұпайды тек Руслан Айткали, Роберт Пан және Асқар Майдекин ғана жинады.

Келесі матчтарын «Астана» сырт алаңда «Алматылық легионға» қарсы өткізеді. Бұл ойындар 21–22 наурыз күндері өтеді.



Күн шежіресі