«Астана» Атырауда жеңіліп қалды
«Астана» OLIMPBET QFL Премьер-Лиганың кезекті туры аясында «Атырауға» қарсы сырт алаңда матч өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ойынның тағдырын бірінші таймның ортасында «мұнайшылардың» шабуылшысы Николай Сигневич соққан жалғыз гол шешті.
Бұл жеңіс «Атырау» үшін осы маусымда өз алаңында қатарынан екінші болды. Бұған дейін «Мұнайшы» стадионында алаң иелері «Қызылжарды» жеңген болатын.