logo

Асқар Майдекен: Құраманың Азия кубогынан тыс қалуына себеп болған бірнеше факторды атауға болады

Асқар Майдекен: Құраманың Азия кубогынан тыс қалуына себеп болған бірнеше факторды атауға болады

«Астана» баскетбол клубының және Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Асқар Майдекен Қазақстан құрамасының Азия кубогына не себепті шыға алмағанын түсіндірді.

«Бәлкім, бізге өзара түсіністік пен үйлесімділік жетіспеген шығар. Кім не десе де, біз негізгі құраммен ойнадық дейді, бірақ бұл құраммен біз көптен бері бірге ойнаған жоқпыз. Ешкімді кінәлағым келмейді, бірақ мүмкін жаттығу процесі дұрыс жолға қойылмады. Біз екі үй кездесуінде ірі есеппен жеңілдік, бірақ бәрі күтпеген Үндістаннан жеңілістен басталды. Бұл жағдайды басынан аяғына дейін терең талдау қажет, түзетуге болатын бірнеше факторды табуға болады. Қазір біз азиялық баскетболдан тыс қалдық, бірақ бұл бізге пайдасын тигізеді деп үміттенемін. Бапкерлер құрамы талдау жасап, Қазақстанды Азия кубогына қайта алып шығуға күш салады деп сенемін», - деді Майдекин.

Асқар Майдекенмен толық сұхбатты төмендегі плеер арқылы көре аласыздар. 



Күн шежіресі