Аслан Дарабаев: Қарсылас өз жоспарын жүзеге асырмауы үшін барымызды саламыз
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Австрия-Қазақстан матчының алдында ойын жайында өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
«Құрамаға оралғаныма қуаныштымын. Жаңа ойыншылардың шақыртылуы дұрыс қадам деп ойлаймын. Ертелі-кеш ұрпақтар ауысатын уақыт келеді. Көңіл-күйім керемет. Тәжірибеммен бөлісіп, құрамаға көмектескім келеді.
Австрияға ертерек келіп, дайындалдық. Әр жаттықтырушының дайындыққа өз көзқарасы бар. Тактикалық тапсырмаларды атқарып шықтық. Матч алдындағы жаттығуды өткізіп, ойынға тас-түйін дайын боламыз.
Тактикалық жоспарымыз туралы айтпаймын, дегенмен қарсылас өз жоспарын жүзеге асырмауы үшін барымызды саламыз. Оңай ойын болмайтынын бәрі түсінеді. Қарсылас допқа иелік етіп, қысым жасайтынын білеміз. Ең бастысы салқынқандылықты ұстану»
Австрия – Қазақстан матчы 10 қазан өтеді.