«Арыстандардың» құлдырауы: «Спортинг» — «Витория Гимараеш» матчының трансляциясы

«Арыстандардың» құлдырауы: «Спортинг» — «Витория Гимараеш» матчының трансляциясы

Португалия чемпионатының 32-туры қорытындысы бойынша елдің жаңа чемпионы анықталды — «Порту» қарсыластарынан озып, мерзімінен бұрын чемпион атанды.

Ал турды ресми түрде бұрынғы чемпион атанған «Спортинг» қорытындылайды. Команда соңғы бес матчта жеңіске жете алмай келеді: төрт тең ойын және «Бенфикадан» жеңіліс.

Соған қарамастан, «арыстандар» келесі маусымда Чемпиондар лигасына жолдама беретін екінші орын үшін күресті жалғастырып жатыр.

«Спортингтің» қарсыласы — «Витория Гимараеш». Турнирлік кесте тұрғысынан бұл команда үшін айтарлықтай мақсат қалмаған: төртінші орынға дейін 15 ұпай, ал төменгі аймақтан да шамамен сондай арақашықтық бар.

Матч 4 мамырдан 5 мамырға қараған түні сағат 00:15–те басталады.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көрсетіледі.



Күн шежіресі