logo

Артур Гатиятов «Барыс» клубына қайта оралады

Артур Гатиятов «Барыс» клубына қайта оралады

Shaiba.kz сайтына белгілі болғандай, шабуылшы Артур Гатиятов карьерасын «Барыс» жүйесінде жалғастырады, деп хабарлайды Sport+.

Бұған дейін БАҚ хоккейшіге «Құлагер», «Торпедо» және «Сарыарқа» клубтары қызығушылық танытып жатқаны жөнінде ақпарат тараған болатын.

Өткен маусымды 25 жастағы Сәтбаев қаласының түлегі Шотландияның «Файф Флайерз» клубында бастаған. Ол жерде 5 матчта бір нәтижелі пас беріп үлгерді. Францияның «Шамони Мон-Блан» клубында Магнус лигасының тұрақты чемпионаты аясында 16 ойын өткізіп, 5 (1+4) ұпай жинады.

Бұған дейін Гатиятов «Снежные Барсы», «Номад» және Финляндияның «Киекко-Поят» командаларында ойнаған.