«Барыс» КХЛ 3х3 чемпионатында өнер көрсетуді жалғастырады

Шайба.kz сайтының мәліметінше, астаналық «Барыс» КХЛ 3×3 чемпионатында өнер көрсетуді жалғастырады, деп хабарлайды Sport+.
Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары келесі маусымда қазақстандық команданың турнирге қатыспайтыны туралы хабарлаған болатын.
Алайда, 22 турдан кейін «Барыс» 66 матчта 14 жеңіске жетіп, 34 ұпай жинап, өз дивизионында соңғы орында тұр.