logo

«Арлан» жас ойыншысымен келісімшартты ұзартты

«Арлан» жас ойыншысымен келісімшартты ұзартты

Шабуылшы Даниил Свинтальский «Арлан» командасымен келісім-шартты ұзартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Келісім-шарт екі жылға есептелген.

Өткен маусымда 20 жастағы хоккейші Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымында 42 матч өткізіп, 17 (6+11) ұпай жинады. Плей-оффтың 14 ойынында шабуылшы нәтижелі ұпайлар жинай алмады.