logo

Арина Сабаленканың сүйіктісі 42 жасында кенеттен қайтыс болды

Арина Сабаленканың сүйіктісі 42 жасында кенеттен қайтыс болды

Хоккейден «Салават Юлаев» командасының бапкері Константин Кольцов 42 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кольцов хоккейден Гагарин кубогінің иегері, Беларусь құрамасының бұрынғы ойыншысы. 

Ол теннистен әлемнің екінші ракеткасы Арина Сабаленканың сүйіктісі ретінде де танымал. 17 жас үлкендігіне қарамастан, Константин Кольцов сүйіктісі Аринаның командасында жұмыс істеп, онымен әлемдік турларға бірге аттанатын. 

Бірінші некесінен үш ұлы барына қарамастан, Кольцов 2021 жылдан бері Аринамен бірге ел алдына шыға бастады. 

Тіпті, екі спортшының арасындағы дау ушығып, бұл мәселеге Беларусь президенті Александр Лукашенко де пікірін айтқан болатын. 

Өкініштісі сол, Арина Сабаленканың әкесі Сергей де 43 жасында көз жұмған.