«Ақтөбе» Солтүстік Македония құрамасының ойыншысымен толықты

«Ақтөбе» Солтүстік Македония құрамасының ойыншысымен толықты

«Ақтөбе» футбол клубы 26 жастағы солтүстік македониялық жартылай қорғаушы Яни Атанасовпен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Яни Атанасов Струмица қаласында дүниеге келген. Ол «Академия Пандев» клубының түлегі.

Өзінің туған клубынан бөлек, ол Түркияның «Бурсаспор», Хорватияның «Хайдук», Польшаның «Краковия» және «Пуща», сондай-ақ Грекияның «Лариса» клубтарында өнер көрсеткен.

Атанасов Солтүстік Македонияның U17, U19 және U21 жасөспірімдер құрамаларында ойнаған. Ал ұлттық құрама сапына 2017 жылдан бері шақырылып келеді.