«Ақтөбе» ФК жаңа басшысын таныстарды
«Облыстық футбол клубы «Ақтөбе» АҚ Бақытбек Темірбекұлы Дүзелбаевтың басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанын хабарлайды, деп хабарлайды Sport+ ақтөбелік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шешім клубты одан әрі дамыту және команданың спорттық нәтижелерін жақсарту міндеттерін ескере отырып, белгіленген тәртіпке сәйкес қабылданды.
Бақытбек Темірбекұлын қызыл-ақ отбасы құрамында қарсы ала отырып, оған табысты жұмыс, қойылған мақсаттарға жету және клубпен бірге жаңа жеңістер тілейміз.