Ақтауда аралас жекпе-жек чемпионатында 17 жастағы спортшы қайтыс болды
Ақтауда NOMAD MMA спортынан өткен облыс чемпионаты кезінде жасөспірім бала қайтыс болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Спортшының өлімі туралы Маңғыстау облыстық NOMAD MMA федерациясының өкілдері мәлімдеді. Аталған чемпионат Ақтау қаласындағы «Батыр» спорт кешенінде өткен.
«Жекпе-жек кезінде 17 жастағы спортшы құлап қалды. Оған алғашқы көмекті «Батыр» спорт кешенінің медициналық қызметкерлері көрсетті. Оқиға орнына жедел жәрдем келді. Өкінішке қарай, жас жігітті өлімнен арашалап қала алмады.
Турнир басталмас бұрын жаттықтырушы өтінім берген кезде қатысушының жарысқа дайындығын растайтын медициналық анықтама берді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Құзырлы органдар болған оқиғаның барлық мән-жайын зерттеп жатыр.
Біз марқұм спортшының жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», — деді Маңғыстау облыстық Nomad MMA федерациясының өкілдері.